(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.19.02 № 197 ҚАУЛЫСЫ

Консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 552-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Консулдық алымдардың ең төменгі және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 593-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 61-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 19 ақпандағы

№ 197 қаулысымен 

бекітілген

 

Консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғары базалық

ставкаларының мөлшері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.