Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының
мөлшерлерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.01.04 ж. № 111 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 511-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі бiр айлық мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1761 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 30.01.04 ж. № 111 қаулысымен қосымша толықтырылды
Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары
базалық ставкаларының мөлшерлерi