«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 Қаулысы
(2013.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2013.19.09. № 987 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген
3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді:
минералды тыңайтқыштар үшін:
1) жанғыштығы;
2) тотықтырғыштық әсері;
3) коррозиялық әсері;
4) уыттылығы;
5) көзді зақымдауы;
6) теріні жеуі;
7) көз бен теріні тітіркендіруі;
8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;
9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.