Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2266 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын (бұдан әрі Тәуелсіздіктің 20 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге
дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, төраға
|
| Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы
| - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |