2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы
(2010.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын оқу әдебиетімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесі 1 - 7-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков ) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
| Министр | Ж. Түймебаев |
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы5 сәуірдегі № 152 бұйрығына
1-қосымша
ПЕРЕЧЕНЬ
учебников и учебно-методических комплексов
на казахском, русском и уйгурском языках, разрешенных Министерством образования и науки Республики Казахстан
к использованию в 1 - 11 классах общеобразовательных школ
Республики Казахстан на 2010 - 2011 учебный год
| № | Оқулықтың аты | Авторы(лары) | Шыққан жылы | Баспа |
| қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған | ||||
| 1 - сынып | ||||
| 1. | Әліппе | Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлжанова | 2008 | Атамұра |
| 2. | Әліппе. Жазу дәптері № 1, 2, 3 | Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова | 2008 | Атамұра |
| 3. | Әліппе серігі | Б. Баймұратова, Р. Ізғұттынова | 2008 | Атамұра |
| 4. | Әліппе | Ұ. Ботабаева, К. Ерешева, Н. Балғожина | 2008 | Алматыкітап |
| 5. | Әліппе. Әдістемелік құрал | Ұ. Ботабаева, К. Ерешева | 2008 | Алматыкітап |