«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығы (2026.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығы

(2026.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.30.05. № 225 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының м.а. 2026.14.08. № 22 бұйрығымен (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.30.06. № 264 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының м.а. 2026.14.08. № 22 бұйрығымен (2026 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 65) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.30.05. № 225 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидалары бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.