«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 264 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылы 13 қарашада № 310-311 (26371-26372) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: