2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/1 шешімі
(2010.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.30.03. № 23/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.26.04. № 24/11 шешімімен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ өзгертілді
1. Сәйкесінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мына көлемде:
1) кірістер - 71 317 900,6 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 6 820 218 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 479 574 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 288 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 64 016 820,6 мың теңге;
2) шығындар - 71 673 832,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 353 117,1 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 034 367,1 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 681 250 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 78 000 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 2 000 мың теңге;
қаржылық активтерді сатып алу - 80 000 мың теңге;
5) дефицит - -787 048,8 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру- 787 048,8 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгілесін:
біржолғы талондар бойынша қызмет ететін жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығының түсімдерін қоспағанда, жеке табыс салығы;