Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің
2010 жылғы 26 маусымдағы
№ 651 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 тамыздағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 40, 351-құжат).
2. «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 625-құжат).