«2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» 2010 жылғы 15 ақпандағы № 383 қаулыға толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 496 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 383 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2527, 2010 жылғы 13 наурыздағы № 32 (16348) «Дидар», 2010 жылғы 15 наурыздағы № 34 (18863) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 22-33-тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 11 маусымдағы
№ 496 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 383 қаулысымен бекітілген
2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін
кезеңдеріне жататын Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесі
№ р/с | Объектінің атауы | Объектінің орналасқан жері мен балансұстаушысы |
1 | 2 | 3 |