«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының күзет аймақтары мен жерді пайдалану режимін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 239 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының күзет аймақтары мен жерді пайдалану режимін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 239 Қаулысы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және облыстық жер комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы № 16 қорытындысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан-Қытай» газ құбыры бойынан Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарының және Арыс қаласының аумақтары арқылы өтетін шартты желілермен шектелген, газ құбырының белдік нүктесінің екі жағынан 300 метр ара қашықтықта, осы аймаққа кіретін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынып қойылмай жалпы 23 328,0451 гектар көлемінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының күзет аймақтарындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімінің міндетін атқарушы

 

Б. Оспанов

Облыс әкімі аппаратының басшысы

 

Б. Жылқышиев

Облыс әкімінің орынбасары

 

Е. Айтаханов

Облыс әкімінің орынбасары

 

Б. Әлиев

Облыс әкімінің орынбасары

 

Ә. Бектаев

Облыс әкімінің орынбасары

 

С. Қаныбеков

Оңтүстік Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының бастығы

 

 

 

Е. Садыр

Оңтүстік Қазақстан облысы

қаржы басқармасының бастығы

 

Г. Морозова

 

Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің

18 маусымдағы 2010 жылғы

№ 239 қаулысына

1-қосымша

 

Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарының және Арыс қаласының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.