Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Оспанов К.С.) бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына хабарласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.