Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсетуді және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 379 бұйрығы
Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсетуді және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсетуді және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 322 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Ж. Түймебаев |
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 379 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсетуді және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің құнын есептеу
әдістемесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсетуді және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерге қызмет көрсету және оларды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерінің (бұдан әрі - Қызмет) құнын есептеу тәртібін анықтау үшін әзірленді.