2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 41-79) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-79) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 41-80) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-80) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекітеді;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 41-81) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-81) авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларын бекітеді;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 41-82) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-82) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларын және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 41-83) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-83) қалалық әуе мобильділігін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларын және оларға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосы өз құзыреті шегінде осы Заңның 16-6-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
15-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
3) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзудың жолын кеседі;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға арналған режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге арнайы бөлінген дәліздерден тыс шет мемлекеттердің әуе кемелерінің әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындауына рұқсаттар береді;
9) шет мемлекеттердің мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына арналған рұқсаттарды келіседі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелім және қосымша танылым белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
16) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекітеді;
17) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
19) мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді;
20) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді сыныптауды, мемлекеттік органдардың мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;
22) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті түрде бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиация персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
24) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
25) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
28) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 28-1), 28-2), 28-3), 28-4), 28-5) жəне 28-6) тармақшалармен толықтырылды
28-1) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-2) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) əзірлейді жəне бекітеді;
28-4) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-6) Мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
29) Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;
30) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті
Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
3) - 31) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты құзыреті
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады;
4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектiлерiнiң тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың алдағы өсуі туралы хабарламаларын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзеді;
6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда, iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
8) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген пайдаланушылардың және азаматтық авиация ұйымдарының, әуе кемелерінің, пилотсыз авиациялық жүйелердің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде азаматтық авиация саласындағы төлемдер алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген төлемдер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей болып үш деңгейге бөлінеді.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жойылуға тиісті сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оны ұзартады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
3-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
10. Сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тарту, егер:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 16-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
1) сертификаттау талаптары мен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстауды;
2) осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауды тексереді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Авиация инспекторлары осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру кезінде:
1) нұсқамалық материалды пайдалана отырып оны жүзеге асыруға;
2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қызметін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруге;
3) бұрынғы қадағалаудың, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы басымдықтарға негізделуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде Қазақстан Республикасының шегінде немесе шегінен тыс жерде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және өздерінің қарамағындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа авиация инспекторларының қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөнінде шешім қабылдау үшін азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға арналған деректерді қоса алғанда, тұрақты қадағалау функцияларын орындау үшін деректерді жинайды және өңдейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)