2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 16-13-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 16-13-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-13-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларды жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) тармақшаның қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының редакциясында қолданылады
2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
5) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерде жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;
2) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;
3) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа кіру кезінде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-2-тараумен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ УƏКІЛЕТТІ ҰЙЫМ
16-14-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның мəртебесі мен құзыреті
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға азаматтық жəне эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды жəне оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты мəселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуге жəрдемдеседі;
2) азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну жəне оларды тергеп-тексеру қағидаларына сəйкес авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның ұсынуы бойынша азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган құратын Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық жəне эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізуін ұйымдастырады;
3) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық əуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын əуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиацияның авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруге қатысады;
4) жүргізілген тергеп-тексерулердің нəтижелері бойынша авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар береді жəне оларды азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті ұйымға жібереді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық əуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын əуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөніндегі статистикалық деректерді жинайды, сақтайды жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға береді;
6) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының əуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөніндегі статистикалық деректерді жинайды, сақтайды жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға береді;
7) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органмен бірлесіп, халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректер алмасуға қатысады;
8) құзыреті шегінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен жəне халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде дəлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
11) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгiн пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша стандарттары мен ұсынылатын практикасына сəйкес келуін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді жəне оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді;
14) жүргізілген авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
16-15-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның бюджеті ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдардың есебінен қалыптастырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кəсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу жəне болашақта оларды болғызбау мақсатында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға аударады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің билігінде қалған таза табыстың бір бөлігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарының көзі болып табылады, оны бөлу нормативін азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган белгілейді.
4. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тəртібін жəне оның нормативін азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 16-16-баппен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-16-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшілері
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) тармақшаның қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының редакциясында қолданылады
2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.
2. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;
2) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа кіру кезінде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
3-тарау. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемдi және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметтi қамтамасыз етудi көздейдi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды және белгілеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабардар ету тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіретін әуе қозғалысын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын оның пайдаланушыларының барлығы өздерінің жауапкершілігі аймақтары шегінде сақтауын қамтамасыз етуді:
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әуе трассаларында және әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) аудандарында - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары;
2) мемлекеттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен басқа да аудандарында - әуе қозғалысын басқару органдары;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) әуе трассаларынан тыс, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өту кезінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын басқару органдары немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағындағы пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары (болған жағдайда) немесе әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары және пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары жүзеге асырады. Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестіру қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
4. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының мәлімделген өткізу қабілеттілігін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және мыналар:
1) тиісті әуе қозғалысының типтері;
2) әуе қозғалысының қарқындылығы;
3) метеорологиялық жағдайлар;
4) осы ауданға немесе осы жерге қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.
Пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймақтарында пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын пилотсыз авиациялық жүйелерге аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.
Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының пилотсыз әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын шектес мемлекеттердің берілген әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыра алады.
6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары орындалатын ұшудың ауқымы мен күрделілігіне қарай үлгі нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген мән-жайлар жағдайына іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келіседі.
9. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке:
1) әуе кемелерiнiң және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы;
2) атыстардың және зымырандарды ұшырудың барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде қозғалуымен байланысты өзге де қызмет жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
1. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы, сондай-ақ әрбір сыныптағы әуе кеңістігі шегінде ұшуға және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу ақпаратының аудандары (аймақтары), диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар, пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар, қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймақтары және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін әуе кеңістігі деп шегінде ұшудың нақты түрлері орындалуы мүмкін және ол үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері мен ұшу қағидалары айқындалған белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі түсініледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттілігі, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі, олардың экономикалық тиімділігі негізге алына отырып айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар үшін аэронавигациялық қызмет көрсету шарттар (жария шарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлiгiнің істен шығуына немесе ақауы болуына байланысты маршруттары өзгертілген әуе кемелері әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан жері айқындалған кезден бастап;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен жасалған шартқа сәйкес iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығуларға тартылған әуе кемелері;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған шетелдік әуе кемелері;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелері;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, корольдiк тұлғаларды, шет мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларын тасымалдайтын әуе кемелерi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) қалалық әуе мобильділігінің әуе кеңістігі аймағында және (немесе) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына арналған әуе кеңістігі аймағында ұшуды орындайтын азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді қоспағанда, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;
6) егер шарт ережелерінде әуе қозғалысына қызмет көрсеткені үшін ақы төлеуден босату көзделген болса, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұшуды орындаған жағдайларда, өтеусіз жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.
21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда