«Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 86 бұйрығы

Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 86 бұйрығы

 

1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

2. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің

2026 жылғы 8 сәуірдегі

№ 86 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың

 нормативі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.