«Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 Бұйрығы (күші жойылды)

Интернатура туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және студенттерді клиникалық даярлауды әрі қарай жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Интернатура туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасы оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

4. «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы № 523 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 221 (1027) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С. З. Қайырбековаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 16 маусым

№ 452 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Интернатура туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны болып табылады.

2. Интернатураның негізгі міндеті медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілерді практикалық даярлауды жақсарту, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін көтеру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.