Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы
(2007.20.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының ?кіметi Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бiр айлық мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн.
ҚР Президентінің 29.03.04 ж. № 1323 ; 2006.30.05. № 127 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға жиынтық талдау баяндама ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының