(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.05.03 № 177 ҚАУЛЫСЫ

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13, 21 және 22-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды;

2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 25 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулымен бекітілген Ереженің 5-тармағында көзделген ақпаратты беруді;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 5 наурыздағы

№ 177 қаулысымен

бекітілген

 

 

 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге

2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.