Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығы
(2017.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен 2018 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2012.12.09. № 418 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2013.30.10. № 501 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) қаржылық есептілік нысандары:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан «Бухгалтерлік баланс»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан «Қаржыландыру көздері (тікелей әдіс) бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп»;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба»;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 6-нысан «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс;
2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қаржы есептілігін жасау мен ұсынудың ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.