(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИСМ 2008 ЖЫЛҒЫ 29 ҚАЗАНДАҒЫ № 429 БҰЙРЫҒЫ

Өтініш-декларацияны тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 Бұйрығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өтініш-декларациясы тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

В. Школьник

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда министрінің

2008 жылғы 29 қазанда

№ 429 бұйрығымен

бекітілді

 

Өтініш-декларацияларды тіркеу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, міндетті түрде сәйкестігін растауға жататын өнімге-өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді.

2. Өтініш-декларация егер аккредиттеу саласында нақты өнімнің түрі бар болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі органмен орналасқан жері бойынша және импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасағаннан кейін рәсімделеді және тіркеледі.

3. Белгіленген тәртіпте рәсімделген және тіркелген өтініш-декларациялар әкелінетін өнімнің кедендік рәсімделуі үшін ғана заңды күшке ие.

4. Өтініш-декларациялар бойынша кедендік тазартудан өткен өнім белгіленген тәртіпте одан әрі сәйкестігін растауға жатады.

 

 

2. Өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібі

 

5. Өтініш-декларациялар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес, міндетті сәйкестігін растауға жататын, нақты өнім түріне рәсімделеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.