ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылы 18 қыркүйекте
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен барлық мәтін бойынша «Ереже», «Ережелерді», «Ережелерге», «Ережелермен» сөздері сәйкесінше «Талап», «Талаптарды», «Талаптарға», «Талаптармен» сөздерімен алмастырылды (бұр.ред.қара)
Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары
(2009.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
3-тарау. Бастапқы материалдарға, дайындалған және жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар
6-тарау. Технологиялық бөлім. Жалпы талаптар
7-тарау. Жарықтандыру. Сигнализация және байланыс
8-тарау. Жылыту, сумен қамтамасыз ету және кәріздер жүйесі
9-тарау. Жұмыскерлердің қорғау құралдарын қолдануына қойылатын талаптар
1. Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талап) мыс өндірісін жобалауға, құрылысын салуға, пайдалануға, қайта салуға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, тоқтатуға, жоюға қатысты қолданылады.
2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
2. Мысты алу жөніндегі өндірістің алаңы жақсы жабдықталған және таза болады. Жазғы мезгілде өту жолдары мен өту жерлеріне су себіледі, ал қысқы мезгілде мұз бен қардан тазаланады.