Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 172 бұйрығы
(2009.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы;
2) Аммиак сұйықтығының жер асты қоймасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы;
3) Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі және орнату талабы;