Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 791 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
32) тармақшада «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.