Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының
шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/319 шешімі және
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылгы 23 шілдедегі № 276 қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне осы қаулы мен шешімге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
| Қ. Көшербаев |
Сессия төрағасы
| Қ. Келжанов |
Облыстық мәслихат хатшысы |
Б. Шелпеков |
23 шілдедегі № 276 қаулысына және
облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/319
шешіміне қосымша
Өзгерістер енгізіліп жатырған кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихаты шешімдерінің тізбесі
1) бірлескен «Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 13/233 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 319 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1935 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 8 санында жарияланған):