«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысы
(2009.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 21 Қаулысын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.