(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...2007.27...

Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша
орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы
27 қыркүйектегі № 223-ө бұйрығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 34-бабының 7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н.Әбдиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің м.а.

2007 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 223-ө бұйрығымен

бекітілген

 

Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың

отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу

Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 7-тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығына келу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.