Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 480 бұйрығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу, бағалау процесстерін регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет тәртібі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 480 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволар мен
құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет
тәртібі
Ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет мәселелері ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелердің ережелермен, министр, жауапты хатшы, вице-министрлер арасындағы міндеттемелер бөлінісімен және ішкі қызметті реттейтін Министрліктің басқа да бұйрықтармен реттеледі.
Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспары | |||
Әзірлеу | АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясат департаменті Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспарының жобасына ақпараттың жинақтауын қамтамасыз етеді (бұдан әрі - 10 жылға арналған Стратегия). | ||