Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2010 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2010 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2010 жылғы 10 шілдеден және 2011 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2208 қаулысымен
бекітілген