«Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 932 Қаулысы (күші жойылды)

«Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 932 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда:

реттік нөмірі 20-жолдың 2-бағанындағы «өнімдерінің» деген сөз «компоненттерінің» деген сөзбен ауыстырылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 932 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның

компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.

2. Осы Техникалық регламент халық денсаулығы үшін қауіп-қатер дәрежесін ескере отырып, гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.