-

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XХІ сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 262 шешімі

(2010.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Қарағанды облыстық мәслихатының XXIII сессиясының 2010.09.04. № 294 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының XXIV сессиясының 2010.27.05. № 301 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 116610095 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 26895540 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 272503 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 89442052 мың теңге;

2) шығындар - 116913864 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 444710 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 1030009 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 585299 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 558320 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 558320 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 716790 мың теңге;

5) бюджеттің дефициті (профициті) - алу 1306799 мың теңге;

6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 1306799 мың теңге:

қарыздар түсімдері - 1030009 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 440000 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 716790 мың теңге.

2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.