«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/286 шешімі (күші жойылды)

«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/286 шешімі

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2017 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2008 жылғы 24 маусымындағы № 97 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

1-тармақ «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың 22, 23 абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органның рұқсаты;

жер учаскесінде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) берген рұқсаты.»;

4-тармақтың 3-тармақшасында «тарихи, мәдени құндылықтар» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі.»;

12-тармақ мына редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.