Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 953 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 953 қаулысымен
бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды
мониторингілеу және бағалау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:
бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін;
бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.