Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің
жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 212 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің (Салық кодексі) 276-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 612 бұйрығының (2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Заң газеті» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.