Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 212 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 914 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 436-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6479 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;