(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2007.24....

Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-Ө Бұйрығы

(2009.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН:

1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.

2. Күшін жоғалтқан деп:

1) «Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4101 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 28 сәуірдегі № 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы № 45-б бұйрығы;

2) «Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 13 желтоқсандағы № 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы № 258-б бұйрығы.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2007 жылғы 24 сәуірдегі

№ 123-Ө бұйрығымен

Бекітілген

 

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі

 

1. Осы Ереже өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.