(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.11....

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешімі

(2010.10.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.15.01. № 24/266-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.12.03 № 26/270-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 27/294-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 28/296-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.05. № 29/299-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.11.06. № 30/302-IV шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.10.08. № 32/323-IV шешімімен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ өзгертілді

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 217 638 172 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 12 523 054 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 671 256 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 204 442 362 мың теңге;

2) шығындар - 216 018 958 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 4 408 533 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 5 973 533 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 565 000 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.