Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен республика азаматтарын шетелге емделуге жіберудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 117-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1206 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 409-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.