2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 327-ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығымен күші жойылды
«Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.