Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1021 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1021 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясының құрамы