586-бап. Камералдық бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімі
587-бап. Камералдық бақылау нәтижелері
589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу
593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу
595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру
596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы
597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу
599-бап. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару
603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару
604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару
605-бап. Айыппұлдың төленген сомасын қайтару
606-бап. Бюджетке басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару
608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
85-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
86-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
87-тарау. Ірі салық төлеушілер мониторингі
624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
88-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі
626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылы
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі
628-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімділігі
629-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі
630-бап. Кезектен тыс құжаттық тексерулерді жүргізудің ерекшеліктері
631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру
632-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіз
633-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы
634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері
637-бап. Салықтық тексеруді аяқтау
638-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім
640-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер
642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі
643-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау
90-тарау. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі
644-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
647-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу
648-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару
649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің мазмұнына қойылатын талап
650-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану
652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау
91-тарау. Салықтық бақылаудың өзге де нысандары
653-бап. Өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау
656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау
92-тарау. Салық төлеушілерге көмек
657-бап. Салық төлеушілерге көмек
658-бап. Салық заңнамасын насихаттау
662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар
663-бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
93-тарау. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
669-бап. Шағымды қараудан бас тарту
670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына жіберілген шағымды қарау тәртібі
671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
673-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің нысаны мен мазмұны
674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым берудің салдары
675-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі
678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен мазмұны
679-бап. Шағымды қараудан бас тарту
680-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымды қарау тәртібі
681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару
682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары
685-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
3-баптың 2-тармағы 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 1 бабына сәйкес 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әділдігі принципі
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.
9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес
1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.
2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді), жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) басқа да міндетті төлемдер - осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;
5) бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
Осы Кодекстің мақсатына орай, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде осындай келісіммен айқындалған мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін Қазақстанның үкіметтік емес қоғамдық қорлары өтеусіз негізде алған мүлік те грант деп танылады;
12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуcіз негізде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) дивидендтер - акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, немесе жарғылық капиталды қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тарапқа өткізілу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілу құны арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;
үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;
осы Кодекстің 163 - 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі;
15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;
16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;
17) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі;
18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;