Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 Бұйрығы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 Қаулысы
(2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы мин. 2011.19.01. № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.27.12. № 106 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы мин. 2011.19.01. № 27 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.27.12. № 106 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтаудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1) АҚШ доллары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Алматы уақытымен 11-00 сағаттағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;