«Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 27 бұйрығы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 106 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2009 жылғы, № 3 жинағында жарияланған) мынадай толықтыру және өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде «10) тармақшасына» деген сөздерден кейін «және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: