Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске
қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрығы
(2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.04.04 № 86-НҚ Бұйрығымен тақырыбы және мәтін бойынша «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009.13.02. № 42-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 49-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.04.04 № 86-НҚ Бұйрығымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 42-НҚ Бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2 тармақ өзгертілді
2. Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері:
1) ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009.13.02. № 42-НҚ Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша есепті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жыл сайын 15 сәуірге ұсынсын.