Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 465 бұйрығы
(2011.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық туралы және бюджетке басқа міндетті төлемдер» (Салық кодексі) Кодексінің 574 және 576 баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Қаржы министрінің 2011.30.12. № 687 бұйрығымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Нормативті - құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанында № 5463 тіркелген және 2009 жылғы 20 ақпанынан № 27 (1624) «Заң газеті» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдағы 30 желтоқсанынан № 637 «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына келесі енгізілсін:
20-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мазмұндалсын.