Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 506 бұйрығы
«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 271 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б.Жәмішев |
Қаржы министрінің
2010 жылғы 11 қазандағы
№ 506 бұйрығымен бекітілген
Бюджет түсімдерін болжамдау
ӘДІСТЕМЕСІ
Мазмұны
Кірістерді болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы
1.1 Корпоративтік табыс салығы
1.2.1 Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы
1.2.2 Төлем көзінен салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы
1.2.3 Қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығы
1.4.1 Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық
1.4.2 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
1.6 Көлік құралдарына салынатын салық
1.8.2 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы
1.9.1 Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға акциздер
1.9.2 Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға салынатын акциздер