Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру жөніндегі нұсқаулық (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 558 қаулысымен бекітілген)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 558 қаулысына 2 қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық
жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын
мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру жөніндегі
нұсқаулық
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығын қолдануды нақтылайды.

2. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру:

1) облыс әкімдігі қаулысының жекелеген шешімдері негізінде жүзеге асырылатын облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың стратегиялық маңызы бар объектілерін мүліктік жалға беру;

2) алаңы 100 шаршы метрге дейін үй-жайларды, теңгерімдік құны 150 есе ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты беру;

3) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге үй-жайларды беру;

4) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар өткізетін мүліктік жалға алу жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарға қатысу жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүргізіледі.

3. Коммуналдық меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының есептік ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша облыстық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті атқарушы орган бекітеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.