«Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға және сенімді басқаруға беру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 558 қаулысы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға және
сенімді басқаруға беру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 558 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық;

2) 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру жөніндегі нұсқаулық;

3) 3-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Аудандар, қалалар әкімдеріне мемлекеттік аудандық (қалалық) коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға, сенімді басқаруға беру шарттарын осы қаулының 1-тармағында аталған Нұсқаулықтар негізінде белгілеу ұсынылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовке жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі

Б. Сапарбаев

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 558 қаулысына 1 қосымша

 

 

Мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік

 объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі

нұсқаулық

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.