Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1119 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 91 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден
органдарының су және әуе кемелерін
пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары шегінде, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасына іргелес аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланумен жүзеге асырылады.