Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 91 бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.